Интеллектуалды дамуында ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы

project title

Жоба

Қазақстан Республикасында зияткерлік кемістігі бар адамдар үшін спортты дамыту, Virtus халықаралық федерациясының Бас Ассамблеясына қатысу

Қолдау

Спорт ұжымына еңбекақы және өзге де сыйақылар төлеу, үздіксіз спорттық процесті ұйымдастыру және басқару аппаратын ұстауға арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді.

Зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар алғаш рет Қазақстан атынан Жасөспірімдер Пара Азия ойындарына қатысты. Дастан Ордабай мен Асан Аслан өз бәсекелерінде үздік бестікке енді. Федерация спортшылары Virtus World Athletics Championships, Virtus Swimming Championships, ITTF World Para Challenger турнирлеріне, сондай-ақ республикалық жарыстарға қатысты. ParaTriathlon (II) санатындағы спортшылар Астанада өткен Indoor Triathlon бәсекесінде бірінші орындарды иеленді. Федерация параатлеттері Еуропа чемпионатында 8 медаль жеңіп алды. Сонымен қатар ұйым Астанада Virtus World Tennis Championships және Virtus World Basketball Championships халықаралық турнирлерін өткізді.

Жыл соңында Каир қаласында Virtus халықаралық федерациясының Бас Ассамблеясы өтті. Іс-шара аясында зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшыларға арналған спортты дамыту, инклюзия, инновациялар және тұрақты өсім тақырыптарында конгресс ұйымдастырылды. Ұйым тарихында алғаш рет Орталық Азия өкілі Дина Темірғалиева Virtus федерациясының вице-президенті қызметіне сайланды.

Сайт: idsport.org

Instagram: @idsportfederation

 

Басқа жобалар

card title

Паралимпиадалық спорт түрлері

Қазақстан бочча федерациясы