АЛЬПИНИЗМ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ТАУҒА ӨРМЕЛЕУ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

project title

Жоба

Спорттық өрмелеуді дамыту

Қолдау

Спорттық іс-шараларды өткізу, спорттық құрал-жабдықтарды сатып алу, үздіксіз спорттық процесті ұйымдастыру және басқару аппаратын ұстауға арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді.

2025 жылғы спорт маусымының қорытындысы бойынша спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының көшбасшысы Амир Маймуратов World Climbing әлемдік рейтингінде 8-орынға ие болды. Бұл рейтингте әлемнің ең мықты 130-дан астам спортшысы тіркелген. Сондай-ақ «жылдамдық» дисциплинасы бойынша Қазақстан Республикасының ерлер құрамасы маусым қорытындысында World Climbing командалық әлемдік рейтингінде 4-орын алды. Аталған рейтингке әлемнің шамамен 30 елі бар.

Қытайда өткен XII Дүниежүзілік ойындар барысында Ришат Хайбуллин «жылдамдық» дисциплинасы бойынша қола медаль жеңіп алды. Ал Францияда өткен World Climbing Әлем кубогы кезеңі жарысында спортшы осы дисциплинада 2-орын иеленді.Ски-альпинизм бойынша Қазақстан құрамасы Қысқы Азия ойындары қорытындысында жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды. Ал Асем Назырова ски-альпинизмнен Азия кубогында алтын медаль жеңіп алды.

Sport Qory қолдауымен алғаш рет Қазақстан аумағында спорттық құзға өрмелеуден Азия Кубогы сәтті өтті. Жарыста Азияның 100-ге жуық спортшысы бақ сынады. Азия Кубогының қорытындысы бойынша жүлде тұғырына қазақстандық спортшылар Ришат Хайбуллин пен Анна Баларшина көтерілді. Сондай-ақ Қордың қолдауымен спортшылардың спорттық формасы мен спорттық құрал-жабдықтары жаңартылды.

Сайт: mountain.kz

Instagram: @kazclimbing

Басқа жобалар

card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Элизабет Тұрсынбаеваны қолдау қоры