ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЗІРГІ БЕССАЙЫС ФЕДЕРАЦИЯСЫ

project title

Жоба

1.2025 жылға арналған қазіргі бессайыстан Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының спорт ұжымына төлемдерді қамтамасыз ету

2. Қазіргі бессайысты дамыту

Қолдау

Спорттық іс-шараларды өткізу, ҚР шегінен тыс жарыстарға қатысу, ҚР шегінде ОЖЖ-на қатысу, жаттықтырушылардың еңбегіне ақы төлеу, үздіксіз спорттық процесті ұйымдастыру және басқару аппаратын ұстауға арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді

2025 жыл Қазақстандық қазіргі бессайыс үшін тарихи белес болды. Федерация Sport Qory қолдауымен Алматы облысында U19 Азия чемпионатын өткізді. Жарысқа Қытай, Корея, Өзбекстан, Қырғызстан, Гонконг, Тайбэй және Непалдан 8 елдің 69 мықты спортшысы қатысты. Қазақстан атынан 16 спортшы бақ сынады.Тихон Варехин жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанса, Диана Щедрова қыздар арасында күміс медаль жеңіп алды, ал Полина Андреева қола медаль иеленді.Жалпыкомандалық есепте ерлер және әйелдер құрамалары жүлде тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ерлер мен әйелдер эстафетасында спортшылар күміс медальға ие болды. Чемпионаттың қорытынды сәті ретінде өткен аралас эстафетада Диана Щедрова мен Тихон Варехин бірінші орынға шықты.

Сайт pentathlon.kz

Instagram @pentathlon.kazakhstan

Басқа жобалар

card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Су спорты түрлері Федерациясы
card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Қазақстан футбол федерациясы
card title

Олимпиадалық спорт түрлері

ҚР Жеңіл атлетика федерациясы