Этноспорт қауымдастығы

project title

Жоба

«Қостанай жылқысының бәйгелері» республикалық турнирлерін дайындау және ұйымдастыру Спорттық іс-шараларды өткізу бөлігінде қолдау көрсетілді.   Қостанай тұқымы - бүгінде жойылу қаупінде тұрған біздің асыл мұрамыз. 1888 жылы Қостанай елді мекенінде 50 айғыр жиынтығы бар жылқы зауыты құрылды. Екінші дүниежүзілік соғысқа, аштыққа, қуғын-сүргінге қарамастан, Қостанай жылқысын іріктеу үздіксіз жалғасты. Ал 1951 жылы тұқым сыналды. Кеңес заманында Қостанай жылқысы КСРО-ның ең жақсы тұқымдарының қатарына кірді.   

Қостанай тұқымының жағдайы бүгін қалай? Өкінішке орай, бір кездері танымал жылқы тұқымы жойылу қаупінде тұр. 1969 жылғы санақ бойынша жылқылар саны 44 000 басты құраса, қазір зауытта бар болғаны 50-і ғана қалды. Ағымдағы жағдай отандық этноспорт қауымдастығы үшін түрткі болды. Ұйым қазақтың зауыттық жылқы тұқымын сақтап қалу мақсатын қойды. Қауымдастық Қостанай жылқысын сақтау және дамыту жөніндегі арнайы Жол картасын әзірлеп, бекітті. Этноспорт қауымдастығының миссиясын туризминдустриясы мен спортты қолдау қоры қолдады. SportQory аталмыш жоба аясында спорттық-бұқаралық іс-шараларды дайындау мен ұйымдастыруға қаржылық қолдау көрсетуге шешім қабылдады.

Сайт: ethnosport.kz

Instagram: @etnosport.kz

Instagram: @ulttyq_sport_kz

 

 

 

title

Басқа жобалар

card title

Ұлттық спорт түрлері

Qazaq Kuresi
card title

Ұлттық спорт түрлері

Этноспорт қауымдастығы
card title

Ұлттық спорт түрлері

Ұлттық спортты қолдау