Альпинизм және спорттық альпинизм Федерациясы

project title

Жоба

Қазақстан Республикасында альпинизм мен спорттық альпинизмді насихаттау

Қолдау

Спорттық іс-шараларды өткізу, ҚР шегінде және одан тыс жерлерде ООЖ мен жарыстарға қатысу, спорттық құрал-жабдықтарды сатып алу, жаттықтырушыларға еңбекақы төлеу, үздіксіз спорттық процесті ұйымдастыру, басқару аппаратын ұстауға және PR мен маркетингке арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді.

Қазақстанда жартастағы альпинизмнен алғашқы Азия Кубогы өтті – «1-st Asian Trad Rock Climbing Cup «Almaty-2023». Турнирге Иран, Жапония, Корея және Қазақстан спортшылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның құрамасы 1 және 3 орындарды иеленді. Сондай-ақ федерацияның еншісінде Әлем кубогының күмісі, альпинизмнен Әлем чемпионатының алтыны, альпинизмнен Азия Кубогының 2 медалі, балалар арасында спорттық альпинизмнен Азия чемпионатының 3 медалі бар. Ұйым сонымен қатар аутизмге шалдыққан балаларға арналған спорттық альпинизм фестивалін ұйымдастырып, БҰҰ аутизм проблемалары туралы бүкіл әлемге тарату бастамасын қолдады.

Сайт: mountain.kz

Instagram: kazclimbing

 

title

Басқа жобалар

card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Қазақстан хоккей федерациясы