Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем Кубогында қола жүлдеге ие болды

Калгари қаласында (Канада) өткен конькимен жүгіру спортынан Әлем Кубогының үшінші кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы командалық спринтте қола медаль жеңіп алып, жарысты тамаша аяқтады.

Қазақстан атынан Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина қатысты. Спортшылар 1:26.36 нәтижесін көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.

Бұл пән бойынша алтын жүлдені 1:24.90 нәтижесін көрсеткен Канада командасы жеңіп алды. Күміс жүлдені 1:26.02 нәтижесімен аяқтаған Польша елінің спортшылары иеленді.