XXV-ші жазғы Сурдлимпиада ойындары аяқталды

Жапония астанасы Токиода өткен жазғы XXV Сурдлимпиада ойындарының ресми жабылу салтанаты өтті. Төрт жылда бір рет өткізілетін есту қабілеті нашар спортшыларға арналған ең ірі халықаралық спорттық іс - шара биылғы жылы ерекше тарихи маңызға ие болды. Бұл Сурдлимпиада қозғалысының 100 жылдық мерейтойына сәйкес келді.

Байрақты бәсекеге 81 елден келген 3000-нан астам спортшы қатысып, олар 21 спорт түрінен 209 пән бойынша бақ сынады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 79 спортшы спорттың 8 түрінен жарыс жолына шығып, нәтижесінде 8 алтын, 4 күміс және 13 қола медаль жеңіп, жалпы медальдік есепте 9-шы орынға тұрақтады.

title