Астанада Denis Ten Memorial Challenge 2024 мерейтойлық турнирі өтті

Sport Qory қолдауымен Астанада мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge 2024 мерейтойлық V Халықаралық турнирі өтті. Жарысқа әлемнің 28 елінен келген спортшылар қатысып, түрлі санаттағы бағдарламаларды, сондай-ақ мұздағы билерді ұсынды. Биылғы жылы жарыста АҚШ, Канада, Италия және Оңтүстік Африка спортшылары өз бақтарын сынады.

Турнирдің ерлер санатында қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров жеңімпаз атанса, ал Софья Самоделкина әйелдер арасында екінші орынды иеленді. Қазақстандық спортшылар жастар мен жасөспірімдер арасында да жүлделі орындарға ие болды.

Турнир соңында дәстүрлі гала-шоу болды. Бағдарламаға әлемдік мәнерлеп сырғанау жұлдыздары қатысты. Олардың қатарында екі дүркін әлем чемпионы Евгения Медведева, 2023 жылғы Еуропа чемпионы Анастасия Губанова, 2022 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Евгения Тарасова және Владимир Морозов, үш дүркін вице-чемпион және Францияның қола жүлдегері Мари-Пьер Лерэ бар.

title