Алматыда грэпплинг жұлдызы Гордон Райанмен кездесу өтті

 

7 наурыз күні Алматыда грэпплинг жұлдызы Гордон Райанмен кездесу өтті.

АҚШ-тық чемпион пресс-конференцияға қатысып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Әйгілі спортшыдан басқа шараға АҚШ  Әлем чемпионаттарының бас ұйымдастырушысы Мо Джассим және де AIGA Kazakhstan федерация президенті Төлеген Құмаров қатысты.

Кейін Гордон қазақстандық спортшылармен кездесуде өз тәжірибесімен бөлісіп, күрес әдістерін көрсетті.

Айта кетейік, Гордон Райан – ADCC бес дүркін чемпионы, IBJJF екі дүркін чемпионы және Eddie Bravo Invitational төрт дүркін чемпионы.

 

title