Қазақстан құрамасы велоспорттан Азия чемпионатында 2 «алтын» иеленді
Бүгін Тайландта велоспорттан Азия чемпионаты басталды.
Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Жанг, Махаббат Үмітжанова, Ринат Сұлтанов және Марина Кузьминаның командасы 60 шақырымды 1 сағат 13 минут 27,239 секундта жүріп өтіп, командалық эстафетада үздік нәтиже көрсетті.
Екінші «алтынды» әкелген жасөспірімдер Алик Батырхан, Мансур Бейсембай, Михаил Подлужный, Виктория Марчук, Екатерина Удовыкина және Евгения Заам аралас командалық эстафетада қашықтықты 42 минут 22,153 секундта бағындырды. Әр қатысушы 15 км жол жүрді.