Кәсіби клубтардағы соңғы жаңалықтар

ASTANA QAZAQSTAN TEAM

Алексей Луценко «Түркия турында» жеңіске жетті. Astana Qazaqstan Team командасы көпкүндік бас классификациясында жеңіске жетіп, «Түркия Президенттік турында» өз миссиясын сәтті аяқтады. Қазақстан чемпионы Алексей Луценко Бабадаг тауының басындағы үшінші кезеңде көшбасшының жейдесін ұтып алғаннан кейін, оны келесі бес күн бойы қорғай алды. Сондай-ақ, Бабадаг шыңында үшінші болған Харольд Теджада өзінің кәсіби мансабындағы алғашқы жүлделі орнын жеңіп алып, үшінші орнын соңына дейін сақтап қалды.

«АСТАНА» БАСКЕТБОЛ КЛУБЫ

«Астана» баскетбол клубы Біріңғой БТБ Лигасының жаңа маусымын өз алаңында петерборлық «Зенитке» қарсы өткізді. Тартысқа толы кездесу қарсылас команда пайдасына 69:78 есебімен аяқталды. Матч ерекше атмосферада өрбді. Ойынды барлығы 1517 көрермен тамашалады. Айта кетейік, ВТБ Бірыңғай лигасы Астанаға  25 қазанда қайта оралады: Саратовтың «Автодоры» қонаққа келеді.

«БАРЫС» ХОККЕЙ КЛУБЫ

«Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей Лигасының кезекті туры аясында «Металлургке» қарсы ойнап, 3:4 есебімен қосымша уақытта есе жіберді. Дәл осы кездесуде Роман Старченко ҚХЛ-дағы 400-ұпайын олжалады. Команда капитаны аталмы ойында шайба соғып, әріптесіне нәтижелі пас берді. Осы нәтиже арқасында «Барыс» капитаны Құрлықтық хоккей лигасындағы төрт жүзінші ұпайын еншіледі. Лига тарихында бір қорғаушы мен 16 шабуылшы 400 ұпай олжалаған. Қазіргі таңда қазақстандық шабуылшының қоржынында 210 гол мен 191 нәтижелі пас бар. Старченко 400 ұпайдың 386-сын «Барыс» жейдесінде жүріп еншілеген.

«АСТАНА» ФУТБОЛ КЛУБЫ

Саян Жақсыгелдіұлы Хамитжанов ресми түрде «Астана» футбол клубының бас директоры қызметіне тағайындалды. Осы уақытқа дейін Саян Жақсыгелдіұлының басшылығы арқасында елордалық клуб Қазақстан чемпионатында бірнеше рет алтын жүлдегер атанып, сонымен қатар УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өткен болатын.  Сондай-ақ, Отандық маман Ғазинұр Әлімов «Астана» футбол клубының Атқарушы директоры қызметіне кірісті. Ғазинұр Дамирұлы – Қазақстан футбол федерациясы құрылымдарында, Кәсіпқой футбол лигасында және отандық футбол клубтарында жұмыс істеген тәжірибелі маман. 

ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы ЕУРО 2024 іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Дания құрамасына қарсы кездесу өткізіп, тартысқа толы кездесуде 3:1 есебімен жол берді. Ойындағы отандық ұжымның жалғыз голын Ян Вороговский соқты. Н тобындағы жетінші турдың қорытындысы бойынша Қазақстанның қоржынында 12 ұпай бар. Қазақстан құрамасы келесі ойынын 17 қазан күні Хельсинкиде Финляндия құрамасымен өткізеді.

title