Алдағы өтетін спорттық іс-шаралар

НЫСАНА КӨЗДЕУ

10 – 14 маусым аралығында Германияның Мюнхен қаласында нысана көздеуден Әлем кубогы өтеді. Аталмыш спорттық додада ел намысын 15 спортшы қорғайды.

БАЙДАРКА МЕН КАНОЭДЕ ЕСУ

12 – 15 маусым аралығында Тайландтың Паттайя қаласында U23 және жасөспірімдер арасындағы байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты өтеді. Аталмыш жарысқа Қазақстан атынан 12 спортшы қатысады.

КӨРКЕМ ЖҮЗУ

13 – 15 маусым аралығында Қытайдың Сиань қаласында көркем жүзуден Әлем кубогы (Суперфинал) өтеді. Жүлде жолында 12 спортшымыз өз бақтарын сынайтын болады.

ДЗЮДО

13 – 20 маусым аралығында Мажарстанның Будапешт қаласында дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді. Ел құрамасы намысын 12 спортшы қорғайды.

СЕМСЕРЛЕСУ

13-17 маусым аралығында Балиде (Индонезия) семсерлесуден Азия чемпионаты өтеді. Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы жекелей сындарда және командалық сайыстарда өз бақтарын сынайды.

ФУТЗАЛ

13 – 14 маусым күндері «Қайрат» футзал клубы футзалдан Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық сериясы ойындары аясында сырт алаңда «Атырау» командасына қарсы ойнайды. Алғашқы екі кездесудің бірінде алматылық ұжым жеңіске жетсе, тағы бір кездесу мұнайшылардың пайдасына аяқталған болатын.

АУЫР АТЛЕТИКА

5 – 13 маусым Атырау қаласында 2011 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан жеке-командалық Қазақстан Республикасы чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің 18 өңірінен 280 спортшы қатысуда.