Қонаев қаласында OCEANMAN өтті

Өткен демалыс күндері SportQory қолдауымен алғашқы Oceanman Kazakhstan жарысы ұйымдастырылды. Ашық суда жүзу Қапшағай су қоймасында өтті. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Италия, Швейцария және Түркиядан 1 200 адам қатысты. Қатысушылар 1,5 км, 5 км және толық Oceanman 10 км қашықтықты бағындырды. Тағы 200-ге жуық бала 800 м қашықтықта және 1,5 км спринтте жарысты. Әлемдік спорттық іс-шара елдегі ұзақ қашықтықтағы Ашық суда өткен алғашқы турнир ретінде тіркелді.

Oceanman Kazakhstan қорытындысы бойынша ұлдар арасында Ескендір Абайұлы, қыздар арасында Еркежан Берікбол Oceanman Sprint 1,5 км қашықтықтың жеңімпаздары атанды. 800 метр қашықтықта Таисия Короткова мен Әлихан Құтлұмұрат көзге түсті.

Half Oceanman қашықтығында ерлер арасында Никита Федотов және әйелдер арасында Әсем Мелисова бірінші орынды иеленді. Ислам Каримов пен Ольга Воронова 10 км толық Oceanman алғашқы орындарының иегерлері атанды.

title