Қазақстан еркін күрестен халықаралық турнирде жеңіске жетті

Қазақстан құрамасының қоржынында тағы бір алтын бар.

30 Қаңтарда еркін күрес палуаны Эльмира Сыздыкова «Гран-при Иван Ярыгин» еркін күрестен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Финалда қазақстандық спортшы Беларусьтан келген Ксения Дзибукпен кездесті. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері қарсыласын 15:4 есебімен жеңіп, 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иегері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 29 жастағы Сыздыкова Алматыда Азия чемпионатын жеңіп алса, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші болды.

Суретте: Olympic.kz

title