Кәсіби клубтардағы жаңалықтар

«АСТАНА» ФК

«Астана» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтап, елге оралды. Григорий Бабаян шәкірттері ОЖЖ аясында бес жолдастық кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңіске жетсе, үш кездесу тең аяқталды. Маусымаралық үзіліс кезінде команда құрамын 6 жаңа ойыншы толықтырды. Олар: Алекса Аманович, Жарко Томашевич, Дембо Дарбо, Йосип Чондрич, Душан Иованчич және Фабьен Урега. Енді елорда командасы «Астана Арена» стадионында 25 ақпан күні өтетін «Ордабасыға» қарсы ҚР Суперкубогы аясындағы кездесуге дайындықтарын жалғастыратын болады.

 

«БАРЫС» ХК

«Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы осы маусымдағы соңғы сырт алаңдағы кездесулерін өткізуде. Бүгін елорда командасы «Авангардқа» қарсы ойнаса, 22 ақпан күні «Сибирь» ұжымымен кездеседі. Андрей Скабелка шәкірттері маусымды өз алаңында 24 ақпан күні «Локомотивке» қарсы кездесумен қорытындылайды. Қазір «Барыс» шығыс конференциясында 65 ұпаймен соңғы орында келеді.

 

«АСТАНА» КБК

«Астана» баскетбол клубының Бас директоры Самсон Аракелян «ВТБ Арена» паркетінде өткен Достардың жолдастық кездесіне қатысты. Сондай-ақ, команда қорғаушысы Маркелл Джонсон ВТБ Бірыңғай лигасының барлық жұлдыздарының ойыны аясындағы R7 Слам-данк контестіне қатысып өз бағын сынады. Өкінішке орай, Маркелл конкурстың жеңімпазы атана алмағанымен, ол керемет соққыларының арқасында көрермен көзайымына айналды.

 

ASTANA QAZAQSTAN TEAM

Astana Qazaqstan Team велокомандасы 20-26 ақпан аралығында өтетін «Біріккен Араб Әмірліктерінің туры» әлемдік турының көпкүндік жарысында өнер көрсетеді. Команда құрамы: Марк Кавендиш, Алексей Луценко, Кейс Бол, Харольд Теджада, Дмитрий Груздев, Хавьер Ромо және Давиде Мартинелли. Жарыстағы спорт директорлары: Бруно Ченьялта, Марио Манзони.

title