Кәсіби клубтар жаңалықтары

«Астана» ФК

Қазақстан чемпионаты аясында "Астана" футбол клубы "Ақжайыққа" қарсы кездесу өткізді. Ойынның есебін елорда командасының қорғаушысы Денис Поляков ашты. Артынша шабуылшы Педро Еуженио қос гол соқты. Соңғы төртінші голды Марин Томасов өз еншісіне жазды. Ойын "Астананың" пайдасына 4:0 есебімен аяқталды.

«Барыс» ХК 

ҚХЛ чемпионатының жаңа маусымы аясындағы алғашқы ойындары басталды. "Барыс" бірінші кездесуін "Динамо-Минск" ұжымына қарсы сырт алаңда өткізіп, булитте есе жіберді. Елордалық клуб екінші ойынын "СКА" командасымен өткізіп, тартысқа толы кездесуде жеңіліс тапты. Скабелка шәкірттері енді "Витязь" және "Сочи" хоккей клубтарымен сырт алаңда тағы 2 ойын өткізетін болады. 

Astana Qazaqstan Team

Astana Qazaqstan Team командасының капитаны Мигель Анхель Лопес "Испания Вуэльтасының" 15-ші кезеңінде үшінші болып мәреге жетті. Велошабандоз Эрик Мосс пен Джей Вайнмен бірге Сьерра-Невададағы соңғы көтерілістің шыңына жетті. Жалпы кестеде спортшы алтыншы орында.

title