«Астана» халықаралық лигада жеңіске жетті

«Астана» баскетбол клубы FIBA Asia қамқорлығындағы беделді WASL турнирінің тұрақты чемпионатындағы кезекті ойында жеңіске жетті. Батыс Азия мен Парсы шығанағы елдерінің үздік клубтары бақ сынайтын жарыстың үшінші турында елордалық ұжым өз алаңында лиганың қазіргі чемпионы – ливандық «Аль-Риядиді» 86:72 есебімен сенімді түрде ұтты.

Елордалық клуб келесі кездесуін бір аптадан кейін тағы да өз алаңында сириялық «Аль-Вахда» командасына қарсы өткізеді.