Теннис федерациясы

project title

Жоба

Теннистен ұлттық құрама командаларды дайындау және қатысу, сондай-ақ өңірлерде теннис инфрақұрылымын дамыту

Көрсетілген қолдау

Федерацияға спортшыларға, жаттықтырушылар мен мамандарға жалақы төлеу, ел аумағынан тыс жарыстарға қатысу, кубоктар, турнирлер мен чемпионаттар өткізу, үздіксіз спорттық процесті ұйымдастыру, "Теннис 10-ға дейін" бағдарламасы үшін спорттық құрал-жабдықтар, тренажерлер сатып алу, Алматы мен Шымкентте теннис корттарын жөндеу, Алматыда тренажер залын кеңейту бойынша қолдау көрсетілді.

Қазақстандық теннистегі 2021 жылғы маусым маңызды нәтижемен есте қалды. Федерация өткен жылдармен салыстырғанда Олимпиада ойындарына ең көп, яғни 8 лицензия иеленді. Токио Олимпиадасында Елена Рыбакина 4 орынға ие болды. Отандық теннистің тағы бір жұлдызы Александр Бублик осы жылы жасындай жарқылдады. Ол ATP рейтингінде 37-ші орынға табан тіреп, Андрей Голубевпен бірге Roland Garros 2021 жұптық разрядының финалына шықты. Сонымен қатар, Федерация балаларды тенниске тартуға және талантты спортшыларды анықтауға бағытталған "Теннис 10-ға дейін" бағдарламасын жаңартты.

title