SADAQ ATY

Жоба
1. Дәстүрлі садақ атуды дамыту
2. Үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, спорт мамандарын және дене шынықтыру-спорт ұйымдарын «Үздік» номинациясымен марапаттау
Қолдау
Спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, оқу-жаттығу жиындарына қатысу, спорттық құрал-жабдықтар сатып алу және басқару аппаратын ұстауға арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді.
2025 жылы қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетті. Оңтүстік Кореяда өткен «Әлем кубогі» турниріне 32 мемлекеттен 535 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1-орын иеленді. Командалық сайыста 90 метр қашықтықта – 1 орын, 70 метрде – 3 орын. Жамбы нысанасы бойынша спортшыларымыз 1, 2, 3 орындарды толық иеленсе, пута нысанасында 2 және 3 орындарға қол жеткізді. Индонезияда өткен «Әл-Фаттах» халықаралық турнирінде 10 мемлекеттен 320 спортшы бақ сынады. Қазақстандық мергендер 200 метр және 70 метр қашықтықтарда 1 орын иеленіп, ел қоржынына алтын жүлделер қосты.
Сонымен қатар, жыл соңында Sport Qory қолдауымен үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, спорт мамандарын және дене шынықтыру-спорт ұйымдарын «Үздік» спорттық номинациясымен мараппаттау іс-шарасын өткізді.
Instagram: qaz.archery
Басқа жобалар
Ұлттық спорт түрлері
Этноспорт қауымдастығы
Ұлттық спорт түрлері
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АСЫҚ СПОРТЫ ҰЛТТЫҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
Ұлттық спорт түрлері



