ҚР Жеңіл атлетика федерациясы

project title

ЖОБА

1. Астана қ. 2023 жабық кешенде жеңіл атлетикадан Х чемпионатты ұйымдастыру және өткізу

2. Жеңіл атлетикадан «XXXII Qosanov Memorial World Athletics Continental Tour Bronze Level» халықаралық турнирі

3. Қазақстан Республикасында жеңіл атлетиканы танымал ету және дамыту

 ҚОЛДАУ

Спорттық іс-шараларды өткізу, спорттық құрал-жабдықтар мен спортқа арналған басқа да тауарларды сатып алу, басқару аппаратын ұстауға және PR мен маркетингке арналған шығындар, спортшыларға, жаттықтырушылар мен мамандарға жалақы төлеу бөлігінде қолдау көрсетілді.

Қордың қолдауымен Астанада алғаш рет жабық кешенде жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 2 орын алып, 12 медаль (6 алтын, 3 күміс және 3 қола) жеңіп алды. Жазда Алматыда XXXII Qosanov Memorial World Athletics Continental Tour Bronze Level жеңіл атлетикадан дәстүрлі турнир өтті. Аталмыш дода Олимпиада ойындары мен 2024 жылғы жеңіл атлетикадан Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі болды. Сондай-ақ, федерация түрлі жас санаттарында ҚР чемпионаттарын өткізді, спортшылар халықаралық жарыстарда бақ сынады, соның ішінде Ханчжоуда өткен Азия ойындарында құрама спортшылары ел қоржынына 4 қола жүлде салды. 

Сайт: qazathletics.kz

Instagram: qazathletics

 

Басқа жобалар

card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Ұлттық Олимпиада комитеті
card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы
card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Қазақстан Волейбол Федерациясы