Ұлттық Олимпиада комитеті

project title

Жоба

1. ҚР спорт делегациясының Харбин қаласында (Қытай) өткен IX қысқы Азия ойындарына қатысуы

2.Қазақстан Республикасы Спорт делегациясының жасөспірімдер Азия ойындарына қатысуы, Бахрейн 2025

3. Қазақстан Республикасы Спорт делегациясының Ислам ойындарына қатысуы, Эр-Рияд (Сауд Арабиясы)

4. Қазақстан Республикасының спорт делегациясын спорттық және салтанатты жабдықтармен қамтамасыз ету

Қолдау

ҚР шегінен тыс жарыстарға қатысу, жабдықтар сатып алу, басқару аппаратын ұстауға және PR мен маркетингке арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді

2025 жылдың басында Қытайдың Харбин қаласында Қысқы Азия ойындары өтті. Жарысқа Азияның 32 елінен 1147 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 20 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 9 күміс және 7 қола. Қазақстан жалпы командалық есепте төртінші орынға ие болды.

Қазан айында Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өтіп, бұл бәсекеде ұлттық құрама жалпы саны 93 медаль жеңіп алды: 24 алтын, 29 күміс және 40 қола. Медальдық есепте Қазақстан 3-орынға тұрақтады.

Жыл Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастығы ойындары аясындағы жарыстармен қорытындыланды. Онда отандық спортшылар 56 медаль иеленді. Сондай-ақ Қордың қолдауымен ұлттық құрамаларға арналған спорттық және салтанатты нысанды киімдер сатып алынды.

Сайт: olympic.kz 

Instagram: @olympickz 

Facebook: @olympickaz

TikTok: @olympickz

Фото: Сали Сабиров, Нұрғали Жұмағазы, Тұрар Қазанғапов. ҰОК баспасөз қызметі

title

Басқа жобалар

card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Ауыр атлетика федерациясы
card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Ауыр атлетика федерациясы