Қазақстан Республикасының Ұлттық шаңғы қауымдастығы

project title

Жоба

  1. «Могул және шаңғы акробатикасы пәндерінде фристайл бойынша FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдерін өткізуге және Канвондо-2024 IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері мен жаттықтырушысына жүлделерді төлеуге» арналған шығындарды өтеу
  2. 2024 жылғы 14-18 тамыз аралығында Щучинск қаласында шаңғыроллерден FIS Әлем Кубогы кезеңін өткізу
  3. Акробатика фристайлынан Қазақстан Республикасы құрамасына арналған жабдықтарды сатып алу
  4. Могул фристайлынан Қазақстан Республикасының құрамасы үшін жабдықтауға арналған шығындарды өтеу
  5. Шаңғы жарысы бойынша ҚР Ұлттық құрамасына жабдықтар сатып алу
  6. Трамплиннен шаңғымен секіру бойынша ҚР Ұлттық құрамасы үшін жабдықтар сатып алу
  7. Тау шаңғысы спортшысы А. Скороходованың Харбин 2025 Қысқы Азия ойындарына дайындығы, 2026 Милан және Кортина қалаларында қысқы олимпиада ойындарына дайындықтың 1 кезеңі 

Қолдау 

Спорттық іс-шараларды өткізу, спорттық құрал-жабдықтар мен жабдықтар сатып алу, үздіксіз спорттық процесті ұйымдастыру, басқару аппаратын ұстау және PR мен маркетингке арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді.

Жыл басында Қазақстанның шаңғымен секіру командасының өкілі Илья Мизерн Канвон-2024 қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы атанды. Қордың қолдауымен «могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» пәндерінде FIS фристайл бойынша Әлем кубогының финалдық кезеңдері өттіі. Сондай-ақ, жазда шаңғымен сырғанаудан FIS Әлем кубогының кезеңі өтті. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 33 марапатқа ие болды: 5 алтын, 14 күміс және 14 қола медаль. Сонымен қатар, 2024 жылы Sport Qory қолдауымен спортшы Александра Скороходова IX Қысқы Азия ойындарына дайындық аясында Халықаралық тау шаңғысы академиясында білім алды. Фристайл-могул, фристайл-акробатика, шаңғы жарысы, шаңғымен секіру бойынша ұлттық құрамалардың жабдықтары жаңартылды.

Сайт: skisport.kz

Instagram: @kaz_ski_association

title

Басқа жобалар

card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Қазақстан бокс федерациясы
card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Қазақстан Биатлоншылар Одағы