Ұлттық конькимен жүгірушілер федерациясы

project title

Жоба

Жастар командасын 2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына, конькимен жүгіру және шорт-тректен жасөспірімдер ұлттық командаларына дайындау.

Қазақстан Республикасында конькимен жүгіру спорт түрлерін (мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және конькимен жүгіру спорты) дамытудың 2022 жылға арналған бағдарламасы.

Қазақстан Республикасында шорт-тректі танымал ету мақсатында Әлем Кубогының III және IV кезеңдеріне дайындық және өткізу.

Қолдау

Спорттық іс-шараларды өткізуге, медициналық қызмет көрсетуге және мүлікті сатып алуға арналған шығыстар, басқару аппаратын ұстауға арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді.

Федерация Әлем Кубогының III және IV кезеңдерін ұйымдастырды, оған әлемнің 27 елінен 275 спортшы қатысты. Жарыста қазақстандық Денис Никиша үш марапатқа ие болды – алтын, күміс және қола. Сондай-ақ конькимен жүгіру спортынан Қазақстан кубогының 4 кезеңі, шорт-тректен ҚР чемпионаты, шорт-тректен Қазақстан жастар чемпионаты, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. 2022 жылы ел чемпионаттары турнирлердің ISU мәртебесіне ие болды және халықаралық күнтізбеге енгізілді. Республикалық жарыс аясында алғашқы тікелей эфир ұйымдастырылды.

 

Сайт: skating.kz

Instagram: qaz.iceteam

Басқа жобалар

card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Ауыр атлетика федерациясы