ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ММА АРАЛАС ЖАУЫНГЕРЛІК ЖЕКПЕ-ЖЕГІ БОЙЫНША БІРІККЕН ФЕДЕРАЦИЯСЫ

Жоба
2025 жылға арналған Қазақстандағы ММА-ны дамыту
Қолдау
Спорт ұжымына еңбекақы және өзге де сыйақылар төлеу, оқу-жаттығу жиындарына қатысу, жарыстарға қатысу, үздіксіз спорттық процесті ұйымдастыру және басқару аппаратын ұстауға арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді.
2025 жылы қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) шеберлері Грузияның Тбилиси қаласында өткен Әлем чемпионатында 18–20 жас аралығындағы жастар санатында 4 күміс және 6 қола медаль жеңіп алса, 21 жастан жоғары ересектер арасындағы ұлттық құрама 2 алтын, 1 күміс және 9 қола медаль иеленді. Қазақстан ұлттық құрамасы 2025 жылғы ММА бойынша Әлем чемпионатында ересектер арасында екінші жалпыкомандалық орынға ие болды. Сонымен қатар, Ливан мемлекетінің Джуния қаласында ММА бойынша жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Азия чемпионатында ересектер арасында – 1-орын (қоржынында 6 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль), жастар арасында – 1-орын (6 алтын және 2 қола медаль) және жасөспірімдер арасында – 3-орын (6 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль) иеленді.
Сайт: kazmma.kz
Instagram: @kazmma_official
Басқа жобалар
Олимпиадалық емес спорт түрлері
Қазақстан шахмат федерациясы
Олимпиадалық емес спорт түрлері
Қазақстанның спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы
Олимпиадалық емес спорт түрлері



