ДЕНИС ТЕН ҚОРЫ

project title

Жоба

Мәнерлеп сырғанаудан «Denis Ten Memorial Challenge» халықаралық турнирі

Қолдау

Спорттық іс-шараларды өткізу, басқару аппаратын ұстау және PR мен маркетингке арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді

Sport Qory қолдауымен Алматыда мәнерлеп сырғанаудан VI халықаралық Denis Ten Memorial Challenge 2025 турнирі өтті. Турнирге шақырылған қонақтар қатарында мәнерлеп сырғанаудың танымал өкілдері Татьяна Тарасова, олимпиада чемпионы Татьяна Волосожар мен Максим Траньков, сондай-ақ Ари Закарян болды.

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасындағы жеке сында Михаил Шайдоров (282,22) бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды Ника Эгадзе (266,90) иеленді. Үздік үштікті Джейсон Браун (257,81) түйіндеді. Әйелдер арасындағы жеке сында бірінші орынды Ли Хэин (196,84) иеленсе, екінші орын Юн Асун (174,37), үшінші орынды Мэдлин Скизас (164,39) алды. Мұз үстіндегі би санаты бойынша Диана Дэвис/Глеб Смолкин (193,14) жұбы иеленсе, екінші орынды Уна Браун/Гейдж Браун (178,86) жеңіп алды. Ал үшінші орынды Милла Рууд Рейтан/Николай Майоров (177,25) жұбы түйіндеді. Турнир жеңімпаздар мен жүлдегерлердің қатысуымен өткен гала-шоумен қорытындыланды.

 

Instagram @denistenfoundation