Денис Тен Қоры
Жоба
Мәнерлеп сырғанаудан "Denis Ten Memorial Challenge" халықаралық турнирі
Қолдау
Спорттық іс-шараларды өткізу, басқару аппаратын ұстау және PR мен маркетингке арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді.
Sport Qory қолдауымен Астанада мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge 2024 мерейтойлық V Халықаралық турнирі өтті. Жарысқа әлемнің 28 елінен келген спортшылар қатысып, түрлі санаттағы бағдарламаларды, сондай-ақ мұздағы билерді ұсынды. Биылғы жылы жарысқа АҚШ, Канада, Италия және Оңтүстік Африка спортшылары қосылды. Турнирдің ерлер санатында қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров жеңімпаз атанды, екінші орында Әзірбайжаннан Владимир Литвинцев, ал үшінші орынды Грузиядан Ника Эгадзе иеленді. Әйелдер арасында бірінші орынды Грузиядан Анастасия Губанова, екінші орынды Қазақстаннан Софья Самоделкина, ал үшінші орынды Италиядан Лара Наки Гутман жеңіп алды. Турнирдің соңғы аккорды әлемдік мәнерлеп сырғанау жұлдыздары бар дәстүрлі гала-шоу болды.
Instagram @denistenfoundation
Басқа жобалар
Олимпиадалық спорт түрлері
Альпинизм және спорттық альпинизм Федерациясы
Олимпиадалық спорт түрлері
Ұлттық конькишілер Федерациясы
Олимпиадалық спорт түрлері