Су спорты федерациясы
Жоба
1. Әлем және Азия чемпионаттарында табысты өнер көрсету үшін су спорт түрлері бойынша ҚР Жастар және жасөспірімдер ұттық құрама командаларын даярлау
2. Ханчжоу-2023 Жазғы Азия ойындарында Су спорты түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командаларының табысты өнер көрсетуі
Қолдау
ҚР шегінен тыс жарыстарға, ОЖЖ-на қатысу, жаттықтырушылар мен спортшылардың еңбегіне ақы төлеуге, жабдықтар сатып алуға, басқару аппаратын ұстауға және PR мен маркетингке жұмсалатын шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді.
2023 жылғы федерацияның маңызды жетістігі қазақстандық спортшы Эдуард Ким “әртістік жүзу - техникалық соло” пәнінде Әлем чемпионатының қола медальін жеңіп алды. Ал Азия ойындарының қорытындысы бойынша Су спорты бойынша құрама 6 қола медаль жеңіп алды: екеуі жүзуде, екеуі көркем жүзуде және екеуі су полосында (ерлер мен әйелдер). Спортшылар жеке пәндер мен эстафеталарда Қазақстанның 11 рекордын орнатты. 2023 жылы су спорты түрлері бойынша жастар мен жасөспірімдер құрама командалары негізгі халықаралық старттарға, соның ішінде Әлем чемпионаттарына қатысты.
Сайт: aquatics.kz
Instagram @aquatics.kz
Басқа жобалар
Олимпиадалық спорт түрлері
Қазақстан Волейбол Федерациясы
Олимпиадалық спорт түрлері
Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы
Олимпиадалық спорт түрлері