Су спорты түрлері федерациясы

Жоба
Әлем және Азия чемпионаттарында табысты өнер көрсету үшін су спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командаларын даярлау
Қолдау
Спорттық іс-шараларды өткізу, ҚР шегінен тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындарына қатысу, жаттықтырушылардың еңбегіне ақы төлеу, спорттық құрал-жабдықтар сатып алу және басқару аппаратын ұстауға арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді
Қазақстандық жүзушілер Эдуард Ким мен Наргиз Болатова су спортынан World Aquatics әлем чемпионатында дуэт микс техникалық бағдарламасы пәнінде тарихи алтын медаль мен Әлем чемпиондары атағын жеңіп алды. Asia Aquatics су спорты түрлері бойынша Азия чемпионатына қатысқан спортшылардың жас топтары сәтті өнер көрсетті. Аталмыш жарыста жүзуден Қазақстан құрамасы жалпы есепте екінші орын алып, 20 алтын, 11 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында 9 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль иеленіп, артистік жүзуден қорытынды медаль есебінде бірінші командалық орынды иеленді. Суға секіру бойынша қазақстандық спортшылар 1 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Су полосы бойынша отандық жасөспірімдер командасы үшінші орынға ие болды.
Сайт: aquatics.kz
Instagram @aquatics.kz
Басқа жобалар
Олимпиадалық спорт түрлері
Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы
Олимпиадалық спорт түрлері
Қазақстандық спорттық ату федерациясы
Олимпиадалық спорт түрлері