Астана қаласының триатлон федерациясы

project title

Жоба

1.2024 жылы Астана қаласында спорттық шараларды өткізу

2.2024 жылы «Бірлік Жүгірісін» өткізу

Қолдау

Спорттық іс-шараларды өткізу, спорттық жабдықтарды сатып алу, спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбекақысын төлеу, басқару аппаратын ұстау шығындары мен PR және маркетинг шығындары бөлігінде қолдау көрсетілді.

Ашық ауада циклдік спортпен шұғылдануға мотивацияны сақтау үшін «QYSQY TRIATLON» қысқы триатлоны өткізілді. Іс-шараға 131 адам қатысты. Сондай-ақ балалар үшін триатлоннан және жабық акватлоннан Астананың қысқы чемпионаты өтті. Шара елордада балалар спортын дамыту, мықты спортшыларды анықтау және оларды одан әрі қалалық триатлон құрамасына қосу мақсатында өткізілуде.

«ASTANA RUN koktem jugirisi» – бұл шара Триатлон федерациясының жалпы жылдық рейтингіне енетін маусымдық жарыстар сериясының бөлігі болып табылады. Қатысушылар саны: 533 ересек және 200 бала. Жарыс әуесқойлық және бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткізіледі.

28 сәуірде Астанада «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті. Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған марафонға 2 мыңға жуық елорда тұрғыны қатысты. Марафоншылар 4 қашықтықта: 21, 10, 5 және километрде күштері мен төзімділігін сынады. Атап өтсек, марафонға 1,5 мың ересек және 300 бала қатысты.

Сайт: astanatriathlon

Instagram: astana_triathlon

title

Басқа жобалар

card title

Бұқаралық спорт түрлері

Жас-Қыран Қауымдастығы
card title

Бұқаралық спорт түрлері

«Илья Ильин» Жеке Қоры
card title

Бұқаралық спорт түрлері

Қазақстандық спортшылар одағы