Үстел теннисі федерациясы

Жоба
1.«WTT Youth Contender Almaty» халықаралық турнирі
2.Үстел теннисінен ХХVII Азия чемпионатын өткізу
Қолдау
Спорттық іс-шараларды өткізу және PR мен маркетингке арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді
Қордың қолдауымен Алматыда үстел теннисінен «WTT Youth Contender Almaty» Халықаралық жасөспірімдер турнирі өтті. Турнирге әлемнің 17 елінен 230 спортшы қатысты. 11 жасқа дейінгі санатта Абай Жұмағұл мен Жәния Бекмұхамбетова алтын алды. Дәл осы жас санатында Дулат Ералхан мен Олег Яковлевке де қола жүлде бұйырды. 17 жасқа дейінгі ұлдар арасында жекелей сында үшінші орынды Аслан Құрманғалиев иеленсе, ал 13 жасқа дейінгі қыздар арасында Мария Лукьянова қола медаль иеленді. Ал қазан айында Астанада үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты өтті. Чемпионатта 26 елден 210 спортшы бақ сынады. Бірінші орынды Жапония құрамасы иеленсе, екінші орында Қытай, ал 3 орынды Үндістан мен Гонконг өзара бөлісті. Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер командасы 24 құрама арасында 7-орынға ие болды. Бұл ерлер арасындағы командалық жарыстарда Азия чемпионатында ойнаған ұлттық құраманың ең үздік нәтижесі.
Сайт: ttfrk.kz
Instagram: @ttfrk
Басқа жобалар
Олимпиадалық спорт түрлері
Қазақстан Волейбол Федерациясы
Олимпиадалық спорт түрлері
Қазақстан спорттық ату федерациясы
Олимпиадалық спорт түрлері