ҚР жеңіл атлетика федерациясы

project title

Жоба

1.ІІ Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық жарысын өткізу 2025 жылғы 25 қаңтар World Athletics Indoor Tour Gold Level

2.Қазақстанда World Athletics жарыстарының сериясын өткізуді ұйымдастыру және федерацияның негізгі міндеттерін іске асыру

Қолдау 

Спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, басқару аппаратын ұстау және PR мен маркетингке арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді

2025 жылы қазақстандық жеңіл атлеттер бірнеше әлемдік турнилерде бақ сынады. Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өткен Азия чемпионатында  Қазақстан құрамасы жалпы есебі 6 медаль жеңіп алды, оның ішінде 3 алтын жүлде бар. Атап айтар болсақ, Нора Джеруто 5000 метрге жүгіруден және 3000 метрге кедергілермен жүгіруден чемпион атанды. Ал Дейзи Джепкемей 10 мың метрде топ жарды. Елизавета Матвеева биіктікке секіруден күміс алса, Ясмина Тоқсанбаева спорттық жүрістен қола жүлде алды. 

2025 жылы  өткен жасөспірімдер арасындағы жазғы Азия ойындарында Қазақстан тарихи жетістікке қол жеткізді. Максим Сажнев диск лақтырудан чемпион атанды. Қазақстандық жеңіл атлеттер жалпы есебі 10 медаль жеңіп алды: 1 алтын, 2 күміс және 7 қола. 

Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын Қазақстан командасы алты медальмен аяқтады. 

Сондай-ақ, 2025 жылы Sport Qory қолдауымен Астанада ұйымдастырылған II Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық турнирі жоғары деңгейде өтті. Аталған сында қазақстандықтар Елизавета Матвеева мен Игорь Косолапов биіктікк секіруден қола жүлдегер атанды. 

Сайт: qazathletics.kz

Instagram: @qazathletics

Басқа жобалар

card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Қазақстан Волейбол федерациясы