Тау шаңғысы, фристайл және сноуборд Федерациясы

project title

Жоба 

Шаңғы командасын 2024 жылғы қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына және 2026 жылғы Миландағы Қысқы Олимпиада ойындарына дайындау

Қолдау 

Спорттық іс-шараларды өткізуге, ҚР шегінен тыс жерлерде ОЖЖ қатысуға арналған шығындар бөлігінде қолдау көрсетілді

 

Қордың қолдауымен Федерация «Dream Team» Kronplatz Racing Center жобасы аясында алғашқы халықаралық бірлескен есеп-жаттығу жиынын өткізді. Дайындық бағдарламасы аясында қойылған барлық міндеттер орындалды, спортшылар дене шынықтыру және техникалық дайындықтың тиісті деңгейіне ие болды.

Өткен старттардағы спортшылардың нәтижелері осы бағдарламаның дұрыстығын растайды:

1. 42nd Alpine Junior World Ski Championship чемпионаты – 2 орын U18 (Александра Скороходова)

2. Александра Скороходова FIS кезеңдерінде екі рет лайықты нәтиже көрсетіп, Слалом пәнінде 14 және 15-ші орынға ие болды.

3. Ростислав Хохлов «Кола АЭС жүлделеріне арналған маусымның ашылуы» Ресей кубогы кезеңінде екінші орын алды