Қазақстан футбол федерациясы

project title

Жоба

2023 жылға арналған Қазақстан Республикасының футболдан Ұлттық құрама командаларын (ұлттық құрама, әйелдер ұлттық құрамасы, 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы, U19, U18, U17, U16, U15 жасөспірімдер құрамалары, U19, U17 әйелдер жасөспірімдер құрамалары) қамтамасыз ету және дамыту.

Қолдау

Жаттықтырушылар мен мамандардың еңбегіне ақы төлеу, футболшылардың Қазақстан шегінде және одан тыс жерлерде ойындарға қатысу, оқу-жаттығу жиындарын өткізу, имидждік өнім сатып алу бөлігінде қолдау көрсетілді.

2023 жыл қазақстандық футбол үшін табысты жыл болды. Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы "Н" тобында өнер көрсетіп, Дания, Сан-Марино, Солтүстік Ирландия және Финляндияны жеңіп, алты жеңіске жетті. Отандық команда топта төртінші орынға ие болды. Қазақстан құрамасы U-17 «Даму кубогы-2023» халықаралық турнирінің күміс медалін жеңіп алды, ал жерлесіміз Әбілқайыр Әлиақбар жарыстың үздік қақпашысы атанды. Сонымен қатар, Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті. Алты матчтан кейін Мадияр Кембиловтың шәкірттері сегіз ұпайға ие болды. Отандастарымыз Арменияны екі ойында да жеңіп, Эстония мен Израильмен тең түсті. Ал жыл соңында шағын футболдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына жолдама алды.

Сайт: kff.kz

FaceBook: Kazakhstan Football Federation

Instagram: kff_team

YouTube: @KFF_TV

title

Басқа жобалар

card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Ауыр атлетика федерациясы
card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Қазақстан Биатлоншылар Одағы
card title

Олимпиадалық спорт түрлері

ҚР Ат спорты федерациясы