Қазақстан құрамасы альпинизмнен Әлем Чемпионатында бірінші орын алды

Қазақстан құрамасы альпинизмнен 2022 жылғы Әлем Чемпионатында биік тауға техникалық көтерілу сыныбында бірінші орын алды.

Тен Максим Валентинович басқарған Шестернин Роман, Крупа Леонид, Абдураимов Закиржан жане Лайпонуло Станиставтың командасы Верный шыңына (5 250 м) солтүстік-батыс қабырға бойымен көтерілді. Команда жаттықтырушылары: Скопин Артем, Титов Вячеслав. Бұл жол өте қиын болып саналады: оның ұзындығы — 1 670 м, ал биіктік айырмашылығы — 910 м. Команда жолда 6 түн өткізді, олардың әрқайсысы топ қатысушаларының айтуынша нағыз квест болды.