Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирдің жеңімпазы!

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы алғаш рет Квебекте (Канада) өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық турнирінде бақ сынады. Бұл турнир 1960 жылдан бері өткізіліп келеді және биылғы жылы оған әлемнің 28 елінен 2010 жылы туған жасөспірімдерден құралған 60 команда қатысты.

Қазақстан құрамасы Азия елдері ішінен осындай беделді турнирге қатысып, жетістікке жеткен алғашқы құрама. Отандық жас хоккейшілер барлық қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынға ие болды.

Жас чемпиондарды құттықтаймыз!

title