Өткен аптаның айтулы жаңалықтары
Өткен апта отандық спортшыларымыз үшін жеңіске толы болды. Спортшыларымыз халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп, Париж Олимпиадасына лицензиялар ұтып алды. Атап өтсек:
- Парижде өтетін XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарына дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасынан 8 дзюдошы лицензия жеңіп алды.
- Алматы қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында қазақстандық велошабандоздар 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жеңіп алды.
- Садақ атудан Сувон қаласында (Оңтүстік Корея) өткен Азия кубогында Андрей Тютюн блоктық садақ түрінен топ жарды. Классикалық садақ атудан Абдуллин Ильфат 2 орынды иеленді.
- Күрес түрлерінен Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлемдік рейтингтік турнирде отандастарымыз 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдені жеңіп алды.
- Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Анна Данилина Бари (Италия) WTA 125 челленджер турнирінің жеңімпазы атанды.