2023 жыл қорытындылары
2023 жылды қорытындылай келе, Sport Qory отандық спорт үшін маңызды көрсеткіштер мен нәтижелерді назарларыңызға ұсынамыз.
2023 жылы Sport Qory 134 өтініш қабылдап қарастырды және 77 жобаны қолдады.
Төмендегі спорт түрлері бойынша қаржыландыру ұлғайтылды:
- Олимпиадалық спорт түрлері 54%
- Инклюзивті спорт 365%
- Ұлттық спорт түрлері 14%
- Бұқаралық спорт түрлері 17%
Бөлінген қайырылымдылық көмектің 22% жасөспірімдер мен балалар спортын дамытуға бағытталды. Қордың қолдауымен Қазақстан аумағында 20 халықаралық жарыс өтті. Олардың ішінде балалар мен жасөспірімдер спортының 5 халықаралық жарысы бар.
Sport Qory қолдауын алған федерациялар жалпы 1 521 медаль жеңіп, Париж Олимпиадасына 4 лицензия, сондай-ақ Паралимпиада ойындарына 1 лицензия ұтып алды.34 спорттық ұйым құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді.
«Астана» баскетбол клубы
«Астана» баскетбол клубы Қазақстан кубогын жеңіп алып, Батыс Азия Суперлигасының (WASL) қола жүлдегері және Ұлттық лиганың жеті дүркін чемпионы атанды. 2023 жылы «Астана Жастар» және «Астана академиясы» жасөспірімдер командасы құрылды. Астана Жастар U-23 Кубогын жеңіп алды.
«Барыс» хоккей клубы
«Барыс» — хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі клубы. Клуб ойыншылары U18, U20 және ұлттық құрамаларда ойнайды. 2023 жылдан бастап команданың үшеуі де әлем чемпионаттарының жоғарғы дивизиондарында өнер көрсетуде. «Снежные Барсы» жастар командасы Жастар хоккей лигасына қатысты, 2022/23 маусымында клубтың БЖСМ тәрбиеленушілері барлық жас санаттарында бірінші орынды иеленді.
«Астана» футбол клубы
«Астана» футбол клубы 2019/2020 жылғы Еуропа Лигасының топтық кезеңінен кейін, араға 4 жыл салып УЕФА Конференциялар Лигасының топтық кезеңіне шықты. Жыл басында Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.
Astana Qazaqstan Team
Astana Qazaqstan Team спортсмендері Жазғы Азия ойындарында 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. 2024 маусымда Astana Qazaqstan Development Team жастар командасының шабандоздары негізгі құрамаға қосылатын болады.






