Барыс сырт алаңдағы серияны 6 ұпаймен аяқтады

Ұзаққа созылған сырт алаңдағы ойындар сериясының соңғы матчында «Барыс» Мәскеудің «Динамосымен» кездесті. Төртінші құрамда Кирилл Панюковтың орнына Кирилл Савицкий шықты. Қақпада қайтадан Андрей Шутов тұрды. Ол матч басталғаннан кейін 161 секунд өткенде ҚХЛ-дағы 5 000 ойын минутын бағындырды.

Бірінші кезең «Динамоның» аздаған ойын басымдығымен, тартысты әрі сақ өткен күреспен сипатталды. Есепті қонақтар ашты. Екінші кезеңнің басында Гарретт Пилон өзінің соққысынан кейінгі қайтарылған шайбаны сәтті толықтырды. Кейін Никита Коростелёв басымдықты жүзеге асырып, Шутовтың қақпаны голдан қорғаған сериясын 137 минут 40 секундта үзді. «Барыс» бұған Пилонның екінші голымен жауап берді. Ол ыңғайсыз қолынан жасаған соққысымен Владислав Подъяпольскийді қапы қалдырды.

Үшінші кезеңнің басында Джейк Масси елордалықтардың басымдығын арттырды. Ойынға нүктені Джастин Бэйли қойды. Ол қарсыластың бос қақпасын дәл көздеді. Осылайша, «Барыс» маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы серия қорытындысы бойынша мүмкін болған сегіз ұпайдың алтауын еншіледі.

25 қыркүйекте Михаил Кравец ойыншылары Астанада «Нефтехимикті» қабылдайды.

«Динамо» Мәскеу - «Барыс» 1:4 (0:0, 1:2, 0:2)

0:1 - 22:32 - Пилон (Масси, Бэйли)

1:1 - 27:43 - Коростелёв (Пыленков, Сикьюра) АГ

1:2 - 33:25 - Пилон (Данияр, Маккошен)

1:3 - 45:15 - Масси (Ляпунов, Логвин)

1:4 - 58:37 - Бэйли (Масси, Морелли) БҚ

Қақпашылар: Подъяпольский - Шутов

«ВТБ Арена». 6 688 көрермен

 «Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» хоккей клубының серіктесі - Туризм және спорт индустриясын ҚҚ