АЛМАТЫДА КАРАТЭДЕН 21-ШІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ (WKF) ЖАЛҒАСУДА
Sport Qory қолдауымен 6-10 қараша аралығында Алматыда Жасөспірімдер мен U21 арасында каратэден 21-ші Азия чемпионаты (WKF), сондай-ақ ересектер арасында 1-ші Азия Ашық чемпионаты өтуде. 26 елден 400-ден астам спортшы әртүрлі салмақ дәрежесінде өзара үздіктерді анықтайды.
Жарыстың бірінші күнінен кейін Жапония құрамасы 7 медаль, оның ішінде 4 алтын жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы екінші орында. Отандастарымыздың қоржынында - 2 алтын, 2 күміс және 3 қола.
Бірінші жарыс күніндегі үштікті Өзбекстан 8 медальмен қорытындылап тұр. Олардың қоржынында 2 алтын.
Қазақстан құрамасы сапында Тұрар Қалпақбай (ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды) және 70 келіге дейінгі санатта үздік нәтиже көрсеткен Сұңғар Қаныбек жеңіп алды.
Дмитрий Егоров пен Гүлнұр Қойшыбай күміс жүлде иеленді. Тартысқа толы кездесулерде Жаннұр Әбдірахман, Адият Ержан және Ақбота Ермолқызы қола жүлдеге қол жеткізді.