Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті

Италияның Верона қаласында ХХV Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Қысқы Финалдық шоу Еуропадағы ең танымал тарихи нысандардың бірі – екі мың жылдан астам тарихы бар, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Арена ди Верона амфитеатрында ұйымдастырылды.
Салтанатты шара аясында спортшылар шеруі ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Туын мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров алып шықты.

Дәстүр бойынша салтанат соңында Олимпиада туы түсіріліп, ол 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдайтын Францияға табысталды.
Айта кетейік, Италиядағы ойындарда Қазақстан құрамасы сапында 10 спорт түрінен 36 спортшы бақ сынады. Мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров ел қоржынына алтын жүлде салып, нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 19-орынға тұрақтады.

 ФОТО: Сали Сабиров, Тұрар Қазанғапов

title