Демалыс күндердегі айтулы жаңалықтар

БОКС

Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2026 халықаралық турниры өз мәресіне жетіп, Қазақстан құрамасы 6 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль еншіледі. Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмуд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Нұрбек Оралбай (85 кг), Айбек Оралбай (90 кг-нан жоғары) және әйелдер арасында Умида Садыкова (80 кг-нан жоғары) алтыннан алқа тақса, Аман Қонысбеков (75 кг), Сабындық Тоғамбай (90 кг), Нурасыл Асылхан (90 кг-нан жоғары), Панар Сейтханқызы (80 кг-нан жоғары) және Назерке Серік (65 кг) күміс медаль еншіледі. Сондай-ақ, Тимур Нұрсейітов (75 кг), Азамат Бектас (80 кг), Нұрбек Мурсал (70 кг), Нұрзат Оңғаров (50 кг), Гузал Садыкова (80 кг) және Элянур Тұрғанова (48 кг) қолаға қанағат тұтты.

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Жеңіл атлетикадан Қытайдың Тяньцзин қаласында өткен жабық кешендегі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 4-ші орынға ие болды. Нора Джеруто (3000 метр), Алина Чистякова (бесcайыс), 4×400 метрлік эстафетада Қазақстан әйелдер құрамасы (Аделина Земс, Марина Шульгаева, Кристина Кондрашова, Анна Шумилова) алтын жүлде иеленсе, биіктікке секіруден Надежда Дубовицкая күміс медаль еншіледі. Сонымен қатар, Нора Джеруто (1500 метр), Мария Ефремова (үш қарғып секіру) және 4×400 метрлік эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы (Мәди Текенов, Эльнур Мухитдинов, Вячеслав Земс, Андрей Соколов) қола жүлдеге ие болды.

ВЕЛОСПОРТ

5–12 ақпан күндері Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бірнеше жүлде жеңіп алды. Жеке уақытқа жарыста элита санатында Рината Сұлтанова алтын медаль иеленді. Күміс жүлдені Глеб Новиков (жасөспірімдер) пен Мария Елкина (U23) жеңіп алды. U23 санатында Мансұр Бейсембай да чемпион атанды. Аралас командалық эстафетада Қазақстан құрамасы күміс медальға қол жеткізсе, жасөспірімдер мен жасөспірім қыздар арасындағы командалық эстафетада алтын жүлде жеңіп алды. Сонымен қатар Masters санатындағы спортшылар да топтық жарыста бірнеше жүлдеге ие болып, ел қоржынына жүлде салды.

СЕМСЕРЛЕСУ

Руслан Құрбанов Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды. Бұл оның Әлем кубогындағы алғашқы алтыны және отандық семсерлесушілер арасындағы алғашқы жеке алтын жүлдесі. Руслан турнирге FIE халықаралық рейтингінде 10-шы нөмірмен қатысып, тартысты жекпе-жектерде жоғары шеберлік көрсетті. Ол жарыс барысында командаластары мен әлемнің ең мықты спортшыларынан басым түсті. Ал финалда италиялық вице-чемпион Давиде Ди Веролиді 15:14 есебімен ұтіп, соңғы сәтте шешуші соққыны жасай білді.

ФУТЗАЛ

Футзалдан Қазақстан Чемпионатының 17-ші туры аясында алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Шымкент» командасына қарсы ойнап, 2:9 есебімен басым түсті. Кездесуде алматылық ұжым сапынан Кайо Руиз бен Тоқаев бір голдан соқса, Тұрсағұлов, Эдсон және Рафао дубль жасап, алматылық командаға жеңіс сыйлады. Айта, кетейік, «Қайрат» АФК дәл осы шымкенттік ұжымға қарсы алғашқы кездесуде 2:10 есебімен басым түскен болатын.