«ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ»

project title

 

ЖОБА

2023 жылға арналған Қазақстан Республикасының футболдан Ұлттық құрама командаларын (ұлттық құрама, әйелдер ұлттық құрамасы, 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы, U19, U18, U17, U16, U15 жасөспірімдер құрамалары, U19, U17 әйелдер жасөспірімдер құрамалары) қамтамасыз ету және дамыту.

ҚОЛДАУ

Жаттықтырушылар мен мамандардың еңбегіне ақы төлеу, футболшылардың Қазақстан шегінде және одан тыс жерлерде ойындарға қатысу, оқу-жаттығу жиындарын өткізу, имидждік өнім сатып алу бөлігінде.

 

2023 жыл Қазақстан футболы үшін табысты болды.

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словенияда өткен «Slovenia Nations Cup-2023» халықаралық жолдастық турниріне қатысып, жүлделі екінші орынға ие болды.

Беларусь астанасы Минскіде өткен Даму кубогында 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы күміс жүлдесін жеңіп алды.  Ал біздің команданың қақпашысы Әбілқайыр Әлиақбар жарыстың үздік қақпашысы атанды.

Мамыр айында  Қазақстан футбол федерациясы және «Errea Sport» компаниясы эксклюзивті жаңа ойын жейдесін таныстырды. Бұл бастама УЕФА-ның құрама командалар үшін жаңа футбол экипировкасын дайындау бағдарламасы аясында өтті.

Ұлттық құрама да жарқын жеңістерімен жанкүйерлерді қуантты. Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы «Н» тобында бақ сынады. Топта біздің құрама алты жеңіске жетіп, Дания, Сан-Марино, Солтүстік Ирландия және Финляндия командаларынан басым түсті. Топта 18 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады.

Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан ғаламат голы The FIFA Puskás Award сыйлығына үміткерлер тізіміне енді. Осылайша, капитанымыз Пушкаш премиясына үміткер болған тұңғыш қазақ футболшысы атанды.

Бақтиер Зайнутдинов Финляндия қарсы ойында дубль жасап, ұлттық құрама тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Ол 14 голмен бұған дейінгі сұрмерген Руслан Балтиевтің рекордын басып озды.

Жыл соңында футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына алғаш болып жолдаманы жеңіп алды. Рикардо Каканың басшылығымен ұлттық құрама "А" тобында алты ойында да жеңіске жетті.

Биыл Қазақстан қыздар құрамасы УЕФА Ұлттар лигасында бақ сынады. Біздің қыздар төртінші топта Армения, Израиль және Эстониямен бірге өнер көрсетіп, 8 ұпай жинады. Арменияны екі ойында да жеңіп, Эстония және Израильмен бір-бір ойында тең түстік.

 

Сайт: kff.kz

FaceBook: Kazakhstan Football Federation

Instagram: kff_team

YouTube: @KFF_TV

Басқа жобалар

card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Қазақстанның хоккей федерациясы
card title

Олимпиадалық спорт түрлері

Жеңіл атлетика федерациясы