BAQ LEAGUE

project title

ЖОБА

БАҚ өкілдері арасында спорттық турнирлер ұйымдастыру

ҚОЛДАУ

2023 жылы BAQ LEAGUE ҚҚ Sport qory қолдауымен Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арасында екі толыққанды футбол чемпионатын ұйымдастырды. Оның әр маусымына "Қазақстан" ұлттық арнасы, "Хабар", "Хабар 24", "Еуразия бірінші арнасы" сынды телеарналар мен "Айқын" газеті, "Kazaknews.kz", Metaratings.kz" сынды сайттар сияқты 14 командадан қатысып, 500-ден астам журналистер мен медиа саласының өкілдерін қамтыды. Соңғы екі маусымның жеңімпазы - "Қазмедиа" орталығы.

Sport Qory қолдауымен BAQ LEAGUE ҚҚ биыл волейболдан Бұқаралық ақпарат өкілдері арасындағы бесінші чемпионатты ұйымдастырды. 10 команда қатысқан біріншілік 2,5 айға созылып, Жоба 300-ге жуық журналистер мен медиа саласының өкілдерін қамтыды. Қатысқан командалардың арасында "Хабар", "7 арна", "Еуразия бірінші арнасы", "Atameken busıness" сынды телеарналар мен "Айқын" газеті, "Inbusıness", "Sadaq" сынды сайттардың ұжымдары болды.

Биыл BAQ LEAGUE ҚҚ тұңғыш рет БАҚ өкілдері арасында шахматтан толыққанды чемпионат ұйымдастырды. Дегенмен бұл жоба классикалық шахматтан ерекше. Мұнда қатысушылар командалық жарыс форматында үздіктерді анықтайды. Яғни, әр команда сапында 5 ойыншыдан болып, олар бір мезетте бір тақтада ойнайды. Тұңғыш чемпионатқа 6 команда қатысып, БАҚ өкілдерінің жоғары бағасын алды.

Сайт: bagleague.kz

Facebook: baqleague

Басқа жобалар

card title

Бұқаралық спорт түрлері

ZHULDYZ LIGA
card title

Бұқаралық спорт түрлері

Жас-Қыран Қауымдастығы
card title

Бұқаралық спорт түрлері

Қазақстан футбол әуесқойлар лигасы