Нұр-Сұлтанда спорт бойынша отырыс өтті
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен бүгін, яғни 12 шілде Нұр-Сұлтан қаласында спорт бойынша отырыс өтті. Жиналыста 2024 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстары туралы мәселе көтерілді.
Федерациялар мен спорт ұйымдарының басшылары атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Кеңеске SportQory бас директоры Асхат Сейсембек те қатысты.
Ол спорт ұйымдарын қолдауды қамту, 2021 жылы бюджеттен тыс қаражатты бөлу, Қордың 2022 жылы әлеуетті көмек алушылармен өзара іс-қимылы туралы баяндама жасады. Қордың бас директоры кәсіби клубтардың шығындарын оңтайландыру бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, өткен жылмен салыстырғанда клубтарды қаржыландырудың жалпы сомасы 20% - ға азайғанын жеткізді. Сонымен қатар, ол шығындарды оңтайландыру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.
Жиын соңында Дәурен Әскербекұлы Токио мен Пекин олимпиадалары ел спорт жүйесіндегі елеулі проблемалар бар екенін айтып, бірақ соңғы жарты жылдың ішінде Мемлекет басшысының қолдауының арқасында оларды жою үшін көп жұмыс жасалғанын жеткізді.