Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы

 

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін әлемнің спорттық картасында Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы (бұдан әрі - "ҚРҮТФ") пайда болды және оның қызметі заңдылық, жариялылық, еріктілік, барлық мүшелердің тең құқылығы қағидаттарына негізделеді. ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мүшесі.

 

ҚРҮТФ мақсаты – үстел теннисін дамыту, оны насихаттау, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, жоғары білікті шеберлерді даярлау.

ҚРҮТФ міндеті – балалар, жастар және халық арасында үстел теннисін жан-жақты дамыту, республиканың үстел теннисін дамытатын халықаралық ұйымдармен спорттық халықаралық байланыстарын дамытуға жәрдемдесу, қазақстандық және халықаралық іс-шараларға қатысу.

 

ҚРКФ қызметінің негізгі бағыттары – үстел теннисі бойынша республикалық, халықаралық спорттық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу; ҚР-да үстел теннисін дамыту мәселелері бойынша дене шынықтыру және спорт субъектілерімен бірлескен жұмыс; үстел теннисі саласында спорт мамандарының біліктілігін арттыру бойынша семинарлар, симпозиумдар, конференциялар, іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу; спорт төрешілерін даярлау.

 

Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясының басшылығы:

 

Президент: Абдулгазин Данияр Рүстемұлы

Бас хатшы: Пак Данил Вячеславович

Бас директор: Нөгербек Нұрлан Нөгербекұлы

Атқарушы директор: Перевалов Александр Леонидович

 

Сайт: http://ttfrk.kz/

 

Instagram: https://www.instagram.com/ttfrk/?hl=ru