«АСТАНА» ПРЕЗИДЕНТТІК БАСКЕТБОЛ КЛУБЫ


«Астана» президенттік баскетбол клубы – 2011 жылдың наурыз айында «Самұрық- Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен құрылды.

«Астана» ПБК – Қазақстан құрамасының базалық клубы, ҚР Ұлттық Лигасының тоғыз дүркін чемпионы, Қазақстан Кубогының тоғыз дүркін иегері, ФИБА Азия чемпиондары Кубогының қола жүлдегері. Елордалық клуб «ВТБ Бірыңғай Лигасы» чемпионаты аясында бес рет плей-офф кезеңіне шықты.

2014 жылы «Астана» алғаш рет еуропалық клубтық жарыстарға – ФИБА шақыру Кубогына қатысты. «Астана» ПБК жанында баскетбол балалар академиясы жұмыс істейді, онда 300- ден астам бала тұрақты баскетболмен шұғылданады.

2013-2016 жылдар аралығында «ВТБ Бірыңғай Лигасы» чемпионатында тұрақты маусым қорытындысы бойынша «Үздік қазақстандық ойыншы» жүлдесі табысталды. 2018/2019 жылғы маусымда «Астана» ПБК бас бапкері – Эмиль Райкович «ВТБ Бірыңғай Лигасының» үздік бапкері атанды.

Бас менеджер:Тихоненко В.А.

Ресми сайт: http://pbcastana.kz

Instagram: https://www.instagram.com/pbc_astana/