«АСТАНА» ФУТБОЛ КЛУБЫ


«Астана» футбол клубы – Қазақстанның алты дүркін чемпионы және еурокубоктардың топтық кезеңдеріне қатысу бойынша қазақстандық клубтар арасындағы рекордтық көрсеткішке ие команда.

Клуб 2009 жылы құрылып қысқа мерзімде жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Елорда командасы клуб тарихында Қазақстан Кубогын үш рет және Суперкубокты бес мәрте иеленген.

Бүгінгі таңда «Астана» УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алған отандық жалғыз команда.

Елордалық клуб «Астана-Арена» стадионында өнер көрсетеді, оның сыйымдылығы 30 000 адам. Стадион УЕФА регламентінің барлық стандарттарына сәйкес келеді және барлық халықаралық турнирлердің ойындарын қабылдауға қауқарлы.

Бас директор:Тастанбек Құтжанұлы Есентаев

Сайт: fcastana.kz

Instagram: fca.astana