«BAQ LIGA – ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ЛИГАСЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

BAQ liga – БАҚ өкілдері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жоба. BAQ liga өз жұмысын 2016 жылдың 10 желтоқсанында бастаған. 2018 жылдың 2 мамырында «BAQ liga – Қазақстан журналистерінің лигасы» қоғамдық қоры (қысқаша – BAQ liga) болып тіркелді.

Бүгінге дейін БАҚ өкілдері арасында футболдан сегіз маусымы, волейболдан бір маусымы өтіп, оған еліміздің 50-ге жуық Бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларынан мыңдаған журналистер қатысты. БАҚ лига брендімен БАҚ өкілдері арасындағы шағын футбол біріншіліктері елордамыздан бөлек, Алматы, Талдықорған және Ақтау сынды қалаларда ұйымдастырылды. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы біріншілікке апта сайын Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Тараз, Шымкент қалаларының да журналистері келіп қатысады.

Бұдан бөлек, мұқтаждыққа тап болған журналистерді қолдау мақсатында қайырымдылық шараларын ұйымдастырады.

Қамқоршылар кеңесінің төрағасы: Берік Уәли

Қор төрағасы: Оразбаев Әзиз Жанаділұлы

Сайт: baqleague.kz

Instagram: @baqliga