ҚАЗАҚСТАН ӘУЕСҚОЙЛАР ФУТБОЛ ЛИГАСЫ

Қазақстан әуесқойлар футбол лигасы (бұдан әрі – ҚӘФЛ) - бұл елімізде бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған қоғамдық бірлестік. ҚӘФЛ 2009 жылы құрылды.

ҚӘФЛ қызметі басталғаннан бері 800-ден астам жастар, 350-ден астам балалар және 100 ардагерлердің әуесқой командалары ашылды!

Ел аумағында 6*6 форматтағы шағын футболға арналған 100-ден астам ашық алаң және футзалға арналған 50 жабық зал жұмыс істейді.

ҚӘФЛ қатарында өз ісін жақсы көретін және елде бұқаралық спортты насихаттағысы келетін 200-ден астам қызметкер бар!

Әуесқой лиганың ойындарын YouTube арнасында тамашалайтын көрермендердің саны күн санап артып келеді.

Қазақстан әуесқойлар футбол лигасы әр түрлі жастағы және мамандықтағы адамдарды бос уақыттарын денсаулыққа пайдалы өткізуге ынталандырады, футбол әуесқойларының қатарына спорттық іс-шараларды сапалы әрі қызықты ұйымдастыру арқылы тартады.

«ҚӘФЛ» ҚБ төрағасы: Жарылқасынов Ерлан Еркінбекұлы;

«ҚӘФЛ» Құрметті өкілі: Берік Уәли

Ұйымдастыру комитетінің мүшесі, Лиганың бас төрешісі. Төрешілер құрамы мен ойындарға қызмет көрсетуге жауапты: Салимов Валерий Альбертович;

Ұйымдастыру комитетінің мүшесі, С, Д лигаларын және ардагерлерді, сондай-ақ ойындар өтетін алаңдарды басқарушы: Жарылкасынов Ербол;

Ұйымдастыру комитетінің мүшесі, ойындарды ұйымдастыруға жауапты: Жекебаев Ілияс;

Ұйымдастыру комитетінің мүшесі, ойындарды ұйымдастыруға жауапты: Жанабаев Бақыт.

Сайт: llf-ast.kz

Instagram: @llf_ast.kz