Batyrs' Battle елордада үздіктерді таңдады

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық кешенінде қазақтың аты аңызға айналған палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған «Batyrs' Battle» спорттық сайысы өтті. 

Аймақтың ең мықтысы атану үшін 8 спортшы биіктікке қап көтеру, бөрене көтеру, тас көтеру, металдан жасалған шыбық майыстыру және белдесу бөлімдері бойынша сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады. 

Жарыс қорытындысында Batyrs' Battle жеңімпазы белдігін спорт шебері Пішембаев Асхат жеңіп алса, Нұрланұлы Бекбол екінші, ал үздік үштікті Ахметов Болат түйіндеді. 

Айта кетейік, бұл жобаның авторы - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің амбассадоры Сергей Цырульников. Ал аталмыш жобаны Қазақстан спортшылар одағы Мәдениет және спорт министрлігі, «Сәтті Жұлдыз» АҚ және «Sport Qory» қолдауымен жүзеге асыруда.